Skip to content

«Жұмысшы мамандықтары: қоғамдық құндылықтар мен болашаққа жол» шеберлік сағаты

Аудандық кітапханада Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Жұмысшы мамандықтары: қоғамдық құндылықтар мен болашаққа жол» атты шеберлік сағатына жергілікті  ветеринария қызметкері Оразалин Мырзабек Жұмашұлы мен темір жол қызметкері Жапишев Рашит Отарбайұлының қатысуымен өтті.

Шараның мақсаты – оқушыларға жұмысшы мамандықтарының маңызын түсіндіру, еңбек адамын құрметтеуге баулу. Қонақтар өз салалары туралы қызықты деректер айтып, кәсіби жолдағы тәжірибелерімен бөлісті. 

Ветеринар маман жануарлар саулығын сақтау жолындағы күнделікті еңбегі мен бұл мамандықтың қоғам үшін маңыздылығын айтса, темір жол қызметкері пойыз қозғалысының қауіпсіздігі мен реттілігі туралы ақпарат беріп, темір жол саласының қызықтарын баяндады. 

Кездесу соңында Жалтыр орта мектебінің 8 сынып оқушылары көкейдегі сұрақтарын қойып, мамандарға алғыстарын білдірді. Шара оқушылардың еңбекке деген ынтасын оятып, кәсіби бағыт-бағдар беруде үлкен рөл атқарды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *