
Кабылкаков Каирден 1940 жылы 1 мамырда Павлодар облысы Кагановиский колхозында дүниеге келген. Әкесі Шаихов Кабылкак, колхозда жұмыс істеді, Ұлы Отан соғысы кезінде майданда қаза табады. Анасы, Шаихова Гафура, колхозда жұмыс істеді. 1948 жылы қайтыс болады. Жұбайы Сандыбекова Гүлжан Ахметжанқызы, 1939 жылы туған, Қаз КСР еңбек Сіңірген Мәдениет қайраткері,
1946 жылдан бастап Амангелді жеті жылдық мектебінде оқыған, 1956 жылы Ермак орта мектепті Күміс медальмен бітірген. Орта мектепті бітіргеннен кейін , Қазақ Мемлекеттік университетінің механика-математика факультетіне оқуға түсіп. Аталмыш факултетті 1962 жылы тәмәндап, АН КазССР жүйесіне жұмысқа жіберілді.
1962-1964 жылдары кезеңінде АН КазССР ҒА жүйесінің математика және механика секторында аға лаборант болып жұмыс істеді, осы қызметте комсомол комитетінің Президиумының мүшесі болып сайланды.
1964-1967 жылдары кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді, ал 1967 жылдан 1970 жылға дейін геофизикалық зерттеу әдістерін ИГД АН КазССР зертханалар аспиранты, 1973 жылы осы зертханада аға ғылыми қызметкер болып қызмет атқарды.
1972 жылы кандидаттық диссертация қорғады, сол үшін ВАК кандидат дипломы берілді.
1975 жылдан бастап 1987 жылға дейін қазақ политехникалық университетінде жұмыс істеді, механика және математика кафедра факультетінің меңгерушісі болды, механика және Математика Деканының орынбасары болып қызмет атқарған.
1983 жылы кафедра доцент атағы берілді. 1955 жылдан БЛКЖО мүшесі.
1995 жылы ауырып қайтыс болды. Алматы қаласында жерленген.
Арынғазин Қанапия Мүбаракұлы (19.9.1935 ж. т., Май Май ауд. Жалтыр а.) – педагогика ғылымының докторы (2001), профессор (2011). Қазақстан педагогика ғылым академиясының толық мүшесі. ҚазПИ- ді (1963, қазіргі ҚазҰПУ) және ҚазМУ- дың аспирантурасын (1968, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қарғанды педагогика институтында оқытушы (1963-65), декан (1969-72), Қарағанды мемлекеттік университетінде декан (1972-74), кафедра меңгерушісі, проректор қызметтерін атқарған. Қазіргі уақытта Қарағанды мемлекеттік университетінде профессор. 100-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 6 монография және т.б. кітаптардың авторы.
Арынғазин Асқар Қанапияұлы (6.10. 1961 ж.т., Алматы қ.) физика –математика ғылымының докторы. (1998), профессор. (2000), ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2002). М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік унивеситеттінің физика факултетін бітірген (1985). 1988- 2001 ж. Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде толқынды процестер және оптика кафедрасының инспекторы, теолрия физика кафедрасының аға оқытушысы, теория физика кафедрасының меңгерушісі, Қарағанды мемлекеттік университетіндегі іргелі зерттеу институтының директоры, жалпы және теория физика кафедрасының профессоры (2000) болып қызмет еткен. 2001 жылдан бастап Л.Н Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде іргелі зерттеу институтының директоры, Мәскеу университеті жалпы физика кафедрасының профессоры, Халықаралық конференцияларға қатысушы және 40 – тан аса ғылыми еңбектердің авторы.
Сүлейменов Арғын Арынұлы (15.10.1916, Май ауданы Қызыл- құрама кеңшары – 13.6.1998, Алматы қаласы )- хирург- онколог, медицина ғылымының докторы. (1966), профессор (1967), Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері (1964). ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі. Қазақ медицина институтын бітірген (1940). 1951-72ж. сол институтта ф- ттік хирургия кафедрасының ассистенті, доцент, оқу ісі жөніндегі проректор, 1972-82 ж. Қазақ онкология және радиология ғылымының зерттеу институты директорының орынбасары, директоры, 1982-86 ж. бөлім меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер, Қазақ Кеңес энциклопедиясының медицина редакциясы редколлегиясының төрағасы болды. Негізгі ғылыми еңбектері онкология және радиация мәселелеріне арналған. Ол өңеш және өкпе қатерлі ісіктері мен сүйекте жаңадан пайда болған қатерсіз ісікті емдеу жолдарын жетілдірді. Сәуле ауруы жағдайында қан ауыстыру арқылы емдеу жолын ұсынды. 200- дей ғылыми еңбектері, оның ішінде 4 монографиясы жарық көрді. Бүкілодақтың онколоктар қоғамы президиумының мүшесі, Қазақстан Республикасы онкологтар қоғамының басшысы, «Онкология мәселелері» журналының редколлегия мүшесі болды. Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Мақтау қағаздарымен, 5 медальмен марапатталған.
Шығармалары Лечение травматического шока условиях лучевой болезни замещением крови, А.-А., 1968;
- Лечение доброкачественных новообразований кости, А.-А., 1977.
- “Замещение крови в комплексном лечении комбинированного лучевого поражения” / А. А. Сулейменов. – Алма-Ата : Казахстан, 1968. – 170 с. – Б. ц.
- “Опыт рентгенографического изучения резорбционной функции лимфатической системы” : Автореферат дис. на соискание ученой степени кандидата медицинских наук / Ин-т клинич. и эксперим. хирургии Акад. наук Казах. ССР. – Алма-Ата : [б. и.], 1953. – 15 с.; 20 см.
Қазиғанов Рашид (1935 жылы туған, Май ауданы Көктөбе ауылы) – ауылшаруашылық ғылымының докторы, профессор. (1992). Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтын (1958, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті), 1963-67 жылы. Целиноград ауылшаруашылық институтының (қазіргі Қазақ агротех университеті) аспирантурасын бітірген. 1958- 59 жылдары Павлодар мемлекеттік тәжірибе ст- ның қой шаруашылығының лабараториясында кіші ғылым қызметкер. 1959-61 ж. «Қызылқұрама» кеңшарында бас зоотехник, 1967 -71жылдар аралығында малдарды өсіру кафедрасында ассистент, доцент, 1972-78ж Жеке меншік мал шаруашылық кафедрасында доцент, 1975-78 ж зооинженерлік факултативінде декан,1978- 85 жылдар аралығында малдарды өсіру және генетика кафедрасының меңгерушісі, 1985-97 жылдары декан, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған.1997 жылы Ақмола қаласының С. Сейфуллин атындағы агро университетінің (қазіргі Қазақ агротехникалық университеті) ауылшаруашылық малдарды өсіру және генетикакафедрасының профессоры. Қазихановтың 100- ден астам ғылыми жарияланымның авторы.
Әбділдин Жабайхан Мүбәрәкұлы (16.2.1933 ж. т. Павлодар облысы Май ауданы Майтүбек а.) — ғалым, философия ғылымының докторы (1968), профессор (1970), Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі және вице-президенті, Қазақстандағы диалектикалық логика мектебінің негізін салушы. 1954 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың философия-экономика факультетін бітірген.
1954-1955 жж. – Қазақ педагогикалық институтының аспирантурасы. 1958 жылы – М.В. Ломоносов атындағы ММУ-дың философия факультетінің аспирантурасы. «Нақты ғылымның гносеологиялық рөлі» атты тақырыбында философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алуға диссертация қорғаған. 1968 жылы ҒА КСРО философия институтында «Теоретикалық таным проблемаларының бастауы» атты тақырыбында философия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алуға диссертация қорғаған.
Әбділдиннің ғылыми еңбектері негізінен диалектикалық логиканың өзекті мәселелерін зерттеуге арналған. Соның ішінде, әсіресе, нақты ұғым, бастама мәселелерін терең зерттей отырып, олардың филос. тарихы тұрғысынан негізделген диалект. анықтамасын жасады, логикалық және гносеологиялық функцияларына сипаттама берді, қазіргі ғылым мен
практикадағы логико-методологиялық рөлін айқындады. Оның басқаруымен диалектикалық логиканың категорияларын, заңдарын, принциптерін жан-жақты зерттеуге арналған ұжымдық монографияларларжарық көрді. Осы зерттеулердің нәтижесінде “Диалектикалық логика” аталатын 4 томдық іргелі еңбек дүниеге келді. Мұнда диалектаның логикалық функциясы анық дәлелденіп, категорияларының ғылыми жүйесі жасалды, әрі олар қазіргі жаратылыстану ғылымдарының методологиялық мәселелерімен ұштастырылды. Әбділдиннің ғылыми басшылығымен 10 ғылым докторы, 40-қа тарта ғылым кандидаты дайындалды.
Қоғамдық ғылымдар саласы бойынша Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың (1974) иегері. Әбділдин белгілі қоғам және мемлекет қайраткері. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының (1984), ҚР Президентінің Бейбітшілік және рухани татулық сыйлығының (1994), Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен марапатталған. 2008 жылы «БҰҰ-ның принциптеріне адалдығы және соңғы 15 жылда Қазақстанда БҰҰ-ның жұмысына өлшеусіз үлес қосқаны үшін» марапатталған, Халықаралық «Өмір ағашы» сыйлығын «Шығармашылық ұзақ жасаушы» аталымы бойынша иеленген (2010 ж.). «Барыс» ІІ дәрежесімен (2000 ж.), ТМД Парламентаралық ассамблеясының «Достық» медальдарымен марапатталған.
Доғалова Гүлнар Нәжмиденова – экономика ғылымдарының докторы
Сейтқазина Перизат