Skip to content

Май ауданының 85 жылдығы

Бүгін аудан тұрғындары Май ауданының құрылғанына 85 жыл толуын салтанатты түрде атап өтті. Атаулы  күнге аудандық кітапхана мен мемлекеттік мұрағаттың жергілікті филиалы және тарихи – өлкетану мұражайы бірігіп кітап, фотосуретті экспозиция дайындады.

Май ауданының әлеуметтік – экономикалық дамуындағы тарихи сәттер, өмір сүрген адамдар туралы баяндайтын фотосуреттер мен экспонаттар ұсынылды ауданның ауыл шаруашылығын дамытуға орасан зор үлес қосқан аға буындар туралы ақпараттар қойылды.

Аудан кітапханашылары жинаған өлке тарихы туралы мәліметтерді орталықтандырылған кітапхана жүйесінің басшысы Қарлығаш Жеңісқызы Түсіпбекова облысымызда белгілі қарымды қаламгер Р. Бектеміровке салтанатты түрде табыстады. Айта кету керек, Рашит Бектеміров «Ашаршылық», «Зұлмат» атты кітаптардың авторы. Көрме келген қонақтардың қызығушылығын тудырды.

Май ауданының құрылғанына 85 жыл

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *