Skip to content

Көрісу күні

Бүгін, 14 наурыз – Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Адамдар осы күні бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көрісу күнінде жасы кіші адам үлкен кісінің үйіне барып көрісіп шығады.
          Аудандық кітапхана қалыптасқан дәстүр бойынша дастархан басына кітапхана оқырмандарын, ауылдың үлкендерін шақырды. Шараға кітапхананың әлеуметтік серіктестері – оқушылар үйі қызметкерлері, өрт сөндіру бөлімінің және педагогиқалық-психологиялық түзету кабинетінің қызметкерлері қатысты.

Бағдарлама аясында қазақтың ұлттық тағамдары әзірленіп, қатысушылар үшін дәм тартылады. Кітапхана ұжымы ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғырту үшін, «қонақ кәде», «ауылдың алты ауызы» дәстүрлерін дәріптеді –келген қонақтар өз нерлерін ортаға салыды. Кітапхана қызметерлері «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында насихатталып жатқан Т.Әлімқұлов пен Ж.Нәжімиденовтың өлеңдері оқыды, Абай ауылының кітапханашысы С.Әбілтаева домбырамен әндер орындады.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *