Skip to content

Кітапханашылар күні

Менің қазынам – кітапхана

24 қазан кітапханашыларымыздың кәсіби мерекесі!
Қызығы мен қиындығы мол бір-ақ ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес, жұрт көп біле бермейтін, көп елене бермейтін, Ойы зерек, қиялы жүйрік, өзінің кәсіби шеберлігін шындаған, оқырмандарға қажетті ақпараттың тиімдісін демдеп беріп отырған, ой – өрісі кең, жан – жақты білімді, парасатты кітапханашылардың орны да өзінше бір бөлек. Жаңа заман компьютер дәуірі болғанымен рухани азық іздеген, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір адамның келер шаңырағы кітапхана.
2024 жылдың 23 қазан күні «Менің қазынам – кітапхана» атты кітапханашылар күніне арналған мерекелік шара өткізілді. Шара барысында:
Фотокөрме «Кітап. Кітапхана. Кітапханашы» (кітапханашылардың жұмысы туралы, кітапхана ардагерлердің суреттері)
Май ОКЖ және мектеп кітапханашылары шеберлік сағаты:
– Аудандық кітапхана – «Білгенге маржан» жобасының «Әже мен Білгішбек» бағдарламасы аясында «Қуыршақ қолтеатры»;
– Аудандық кітапхана – «Дәстүр мен ғұрып» жобасының «Байырғы ұлттық ойындар» бағдарламасы;
– Саты а/к – «Жас талапкер» клубы аясында «Өнерлінің қолында, байлығы жатыр жолында»
– Абай а/к – «Шарқыраған шабыт» үйірмесі аясында «Өнер алды – қызыл тіл»;
– Майтүбек а/к – «Прииртышские зорьки» клубы аясында «Интеллектуалдық ойындар»;
– Май а/к – «Ойна да ойла» үйірмесі аясында «Викторина»;
– Мектеп кітапханашылары – Шеберлік өнер;
– Мектеп кітапханашылары – «Үздік оқырмандар» сайысы.
Слайд – бейне «Кітап – адамзаттың досы және ақылшысы»
Ақын, бірнеше дүркін халықаралық, республикалық, облыстық айтыс жүлдегері Ерлан Аманқожаның кітапханашыларға арнаған арнауы.
Май ауданының әкімі Қадылжан Қайырбекұлы Сатиевтің құттықтау сөзі, марапаттау рәсімі.
Аудандық мәслихат төрағасының , Май аудандық «Amanat» партия филиалының құттықтауы. Ардагерлер –кітапханшыларға гүл – шоқтарын беру рәсімі.
Жаңадан келген кітапханашыларға сахнаға шақырып, ардагер кітапханашы Батима Айтқалиқызы Балтабаева өз тілегін білдірді.
Мәдениет қызметкерлері концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Шараның соңы кітапханашыларға арналған фуршетпен жалғасты.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *