Skip to content

«Кітап – ортақ қазына»

23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай  ұжымы «Кітап – ортақ қазына» атты кітап сыйлау және алмасу шарасын ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсаты – қоғамда кітап оқуды насихаттау, кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты нығайту, сонымен қатар кітап қорын жаңа, сапалы әдебиеттермен толықтыру болды.

         Оқырмандардан – кітапханаға, кітапханадан – халыққа! Аталған шара барысында тұрғындар өз үйлеріндегі артық, бірақ оқуға жарамды кітаптарын кітапхана қорына сыйға тартты, ал кейбір кітаптарды басқа оқырмандармен алмасты. Бұл ерекше форматтағы жәрмеңке көпшіліктің көңілінен шығып, кітап сүйер қауымның белсенділігін арттырды.

Кітапхана басшысы Қарлығаш Жеңісқызы: 

«Бұл шара арқылы біз кітаптың мәңгілік құндылық екенін тағы бір мәрте дәлелдедік. Кітап тек оқу үшін емес, адам мен адамды байланыстыратын рухани көпір.»

         Шара барысында «Сүйікті кітабымды сыйлаймын» атты бұрыш ұйымдастырылып, онда сыйға берілген көркем әдебиет, балалар әдебиеті, энциклопедиялық басылымдар қойылды. Оқырмандар бұл кітаптарды тегін алып кетіп, орнына өз кітаптарын қалдырды. Сонымен қатар, «Кітап оқимыз – бірге өсеміз!» атты бұрышта балаларға арналған ертегілер мен қызықты кітаптар таныстырылды.

Айгүл апай, тұрақты оқырман

“Кітапхананың бұл бастамасы өте құптарлық. Өзім жақсы көріп оқыған бірнеше кітапты жас оқырмандармен бөлісу – үлкен қуаныш!”

Шараға Қазақстанның белгілі айтыскер ақыны, жыршы және термеші  «Алтын домбыра» жүлдесінің жеңімпазы Аспанбек Шұғатай өзінің жаңа кітабын Май ауданының оқырмандарына сыйға тартты.

“Май ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Сергазина Адия Нығметқызы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Шырын Қайырбекқызы, облыстық оңалту орталығының қызметкерлері, мәдениет бөлімінің бас есепшісі Толеубаева Мейрамгүл Темірқызы атсалысып кітапхана қорына тапсырды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *