Skip to content

Қазақтың зергерлік бұйымдары және қыздардың шашына арналған әшекейлер

«Дәстүр мен ғұрып» жобасы аясында аудандық кітапханада қызметкерлері «Қазақтың зергерлік бұйымдары және қыздардың шашына арналған әшекейлер» тақырыбында танымдық шеберлік сағаты өткізді.

Шараға мектеп оқушылары қатысып, халқымыздың сәндік-қолданбалы өнеріндегі қыз-келіншектердің әшекей бұйымдары, соның ішінде шашқа тағылатын күміс шолпы, шекелік, т.б. зергерлік бұйымдар туралы мағлұмат алды.

Балалар ұлттық нақыштағы көрмемен танысып, қазақтың салт-дәстүріндегі эстетикалық ұғымдар мен әсемдікке деген көзқарасы туралы танымдарын кеңейтті.

Шара барысында шеберлік жұмыстары көрсетіліп, қатысушылар сұрақтар қойып, белсенділік танытты.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *