1 қараша күні аудандық мәдениет үйінің залында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен ата-аналар форумы өтті. Арнайы форумға аудандық кітапхана қызметкерлері «Отбасы – тәрбиенің қайнар көзі» атты кітап көрме ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты: өскелең ұрпақты өз отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру, бауырмалдық, мейрімділік сезімін ояту, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор жасау, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.
Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың жан-жақты тәрбиелі болып өсуіне отбасының ықпалы мол екендігін ашып көрсетер әдебиеттер қамтылды. Соның ішінде қазақ отбасы тәрбиесінің М.Жұмабаевтың «Педагогика», Қ. Жарықбаев, С. Қалиевтардың «Қазақ тәлім тәрбиесі», Ғ. Дүкенбаеваның «Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу», М. Ибуканың «После трех уже поздно», А. Қыраубаеваның «Жаным садаға», А. Некрасовтың «Материнская любовь», В.А. Сухомлинский «О воспитании», А. Фабер, Э. Мазлиштың «Как говорить, чтобы дети слушали, и как слушать чтобы дети говорили» т.б. еңбектері қойылды.
Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесіне қатты көңіл бөліп қараған. Көрмеге отбасымен бірге оқуға болатын әдебиеттер ұсынылды «Бабалар сөзі», «Қазақтың батырлық жырлары», «Даналық әліппесі», М. Әуезовтың «Абай жолы», Б. Момышұлының «Ұшқан ұя», З.Ахметованың «Шуақты күндері», С. Бегалиннің «Бала Шоқан», Б. Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат», «Менің атым Қожа» т.б.
Көрмеге қатысқан оқырмандар, ұсынылған әдебиеттерге өз қызығушылықтарын таныта отырып, отбасының аса маңызды құндылық екені жайлы, өздеріне қажетті мағлұмат алды.