Skip to content

«Ардақты есім» кездесу кеші

«Ардақты есім» атты КСРО батыры Махмет Қайырбаевтың баласы Мұрат Қайырбаевпен кездесу және жаңа кітап тұсаукесері өтті.
Батыр Махмет Қайырбаевтың ұлы, қоғам қайраткері және жазушы Мұрат Қайырбаевпен кездесу ұйымдастырылып, оның жаңа кітабының тұсаукесері өтті. Бұл оқиға кітапхана үшін ғана емес, барлық қатысушылар үшін маңызды әрі әсерлі болды.

Жаңа кітап тұсаукесеріне аудан әкімі Қ.Сәтиев, Павлодар қаласының құрметті еңбек ардагері, аудан жаңашыры М.Әкімханов, аудан ардагерлері, мектеп    ұстаздары  мен         оқушылары         қатысты.

Шараның басты мақсаты — ұлт үшін ерен еңбек сіңірген батыр Махмет Қайырбаевтың ерлігін, тұлғасын бүгінгі ұрпаққа таныту және оны құрметтеу. Сонымен қатар, Мұрат Қайырбаевтың шығармашылығын таныстырып, оның жаңа кітабы арқылы батырдың өмірі мен ерлігі туралы маңызды мәліметтерді жеткізу. Кездесуде жазушы әкесінің ерлігі туралы естеліктерімен бөлісіп, оның өмір жолы мен әскери қызметі туралы толығырақ айтып берді.
          Кітапта Махмет Қайырбаевтың өмірі мен батырлық жолы кеңінен сипатталған. Жазушы өзінің әкесіне арнаған кітабында оның қазақ халқы үшін жасаған ерліктерін, соғыс кезеңіндегі жанқиярлық күресін, ұлттық рухты сақтау жолындағы еңбекқорлығын ерекше атап өтеді. Шара барысында автор кітаптың мазмұны мен оның жазылу процесі туралы сөз қозғап, әрбір оқырманға ерекше әсер қалдыруды мақсат етті.

Кездесу барысында жергілікті айтыскер ақын Ерлан Аманқожа батырға арнап арнауын орындады, мәдениет үйінің өнерпаздары Дулат Мұхамедияров пен Төлеген Бөстекбаев «Әке туралы ой» әнін орындады. Сонымен қатар  оқырмандар мен жастар жазушыға сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді. Мұрат Қайырбаевтың әкесі туралы естеліктері мен кітаптың маңызы туралы айтқан сөздері көпшіліктің жүрегіне терең әсер етті. Жастар батырлардың ерлігін білуге деген қызығушылықтарын білдіріп, кітаптың әр тарауын терең оқып шығуға ниет білдірді.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *