Аудандық кітапханада «100 кітап» жалпы ұлттық сауалнама қорытындысы бойынша таңдалған кітаптарға шолу жүргіздді. Бұл жолы күрескер ақын Мұхтар Шахановтың «Танакөз» жыр жинағы насихатталды.
Шара барысында мектеп оқушылары қатысып, ақынның өлеңдерін тыңдап, ақынның сөзіне жазылған әндерден попурри Мәдениет ойын сауық орталығының өнерпаздары Дулат Мухамедияров пен Төлеген Бөстекбаевтың орындауында көрерменге ұсынылды.
Ақынның шығармашылығы мен оның өнерге қосқан үлесі туралы терең ойлар айтылды, жастарға рухани азық болатын сөздер естіді. Шараның мақсаты — әдебиет пен мәдениетті насихаттап, жас буынды кітап оқуға тарту.
Қатысушыларға ерекше рахмет! Келешекте де осындай маңызды әрі рухани байытатын шаралар жалғасын табады деген үміттеміз.