“Kitap Time – 2025” фестивалі аясында Майтүбек ауылдық кітапхананың коммуникация және ақпарат орталығында «Кітап – достарды біріктіреді» атты жарқын кітап мерекесі өтті. Шараның мақсаты – кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, жазушылардың шығармаларымен кеңінен таныстыру.
Бұл күні түрлі жастағы оқырмандар бас қосып, әдебиет әлеміне бойлады. Бағдарламада викториналар мен байқаулар ұйымдастырылып, қонақтар өздерінің білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.
Белсенді қатысқан оқырмандарға алғыс хаттар табысталып, Гусева Л.А. «Ең белсенді оқырман» дипломымен марапатталды.
Қатысушылар оқыған әсерлі өлең шумақтары жүрекке жылы тиді. Ал қонақтар сүйікті әндерін шырқап, музыкалық үзілістер кешті қуаныш пен достық сезімге бөлеп отырды.
Кітап мерекесі барлық қатысушыларға керемет көңіл күй сыйлап, тағы да бір рет кітаптың адамдарды біріктіретін құдіретін дәлелдеді.