Skip to content

«Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» тарихи деректер уақыты

Аудандық кітапханада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» атты тарихи деректер уақыты ұйымдастырылды.

         Шара барысында кітапханашылар еліміздің соғыс жылдарындағы рөлі, қазақстандық жауынгерлердің майдандағы ерліктері және тылда еңбек еткен жандардың жанқиярлығы туралы тың деректермен бөлісті. Қатысушылар  Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Рақымжан Қошқарбаев, Хиуаз Доспанова сияқты батырлардың ерлігімен танысты.

         Кітапхана қызметкерлері арнайы дайындаған «Ерлік даңқы ешқашан өшпейді» атты кітап көрмесі арқылы соғыс тақырыбындағы тарихи-деректі әдебиеттерді, мемуарларды және архивтік материалдарды ұсынды. Оқырмандар соғыс жылдарында жарық көрген газет беттерінен үзінділермен және фотосуреттермен танысты.

         Іс-шараға мектеп оқушылары, ұстаздар және Май аграрлық техникалық коледжінің студентері қатысты. Олар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, жастарды бейбіт өмірді қадірлеуге және өткенге тағзым етуге шақырды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *