Skip to content

Май ауданының медицина тарихы

Ауданымыздың медицина тарихы земский кзеңінен басталады. Мұрағат мәліметтеріне қарағанда, Май ауданының бірінші дәрігері болып істеген адам Зәкір Жақыпов деген кісі екен. Ол кезде Май ауданы Бесқарағай ауданы әкімшілік аумағында болыппыз. Зәкір Жақыпов қазіргі Курчатов қаласы, сол кездегі Бес ауыл ауылында тұрыпты. Туған жылы 1870 жылы екен. Омбы кадет корпусын бітірген. 1900-1930 жылдары земский дәрігері болып істеген. Сол кісі алғаш рет оспаға қарсы вакцина қолданған. Дәрі-дәрімекті Томск қаласынан губерн аптекасынан ат көлігімен әкеліп жүрген. Ол аптека 1905 жылы ашылған екен, күні бүгінге дейін жұмыс істейді.

          Біздің тарихымызды 1942 жылдан 1946 жылға дейін дәрігер Фрезе Яковтың естеліктерінен білуге болады. 1942 жылы облыстық денсаулық бөлімі Фрезені Май ауданына жібереді. Ол бір жапырайған шағын үйде тұрып, кісі емдейді, қатты науқас адамды қабылдайтын орын болмайды. Барлық науқас адамдарды үйлеріне барып емдеп жүреді. 1957 жылдың күзінен бастап Май аудандық ауруханасы орталық аурухана болып, ауданның барлық емдеу орындарына басшылық жасай бастайды. Дәрігер Я. Фрезадан кейін 1957 жылы Асылханов Табылды Мұханұлы хирург бас дәрігер, жары Жаныл Зухановна акушер – гинеколог дәрігер болып келді.

            Аудандық ауруханаға сол кездегі бағынышты мекемелер: Ворошиловград, Қазан, Киров, Шалғай учаскелік ауруханалары.

            1966 жылы Жалтыр совхозында жаңа емхана салынып, аурухана ұжымы Май ауылынан Жалтырға көшіп келді. Сонымен 1967 жылы ауданда аудандық аурухана, 5 учаскелік аурухана, туберкулез диспансері және фельдшерлік пункттер жұмыс істей бастады.

          1968 жылы қаңтар айында Асылханов Табылды Мұханұлын Павлодар қаласына трактор зауытының бас дәрігері етіп ауыстырды. 1969-1974 жылдары Май аудандық ауруханасына бас дәрігер болып Рахметов Қайрат Дүйсенбайұлы қызмет атқарады. 1974 жылы Май АОА бас дәрігері Серік Кенжебайұлы Кенжебаев болды. Сол жылы Белогорье ауылында (Көктөбе ауылы) аудандық емхана салынды. 1989 жылы  бас дәрігер болып Саримов Мәди Тұрсынбайұлы келді. Кейін бас дәрігер Урюмов Ерсайын Исанович болды. 1993 жылы Урюмовтан кейін, Мұрат Жұбайұлы Нұрғалиев бас дәрігер болды.

          М. Ж. Нұрғалиевтен кейін, 1999- 2000 бас дәрігер Р. К. Рахманбергенова болды. 2000 жылы бас дәрігер Қазбеков Байболат Қазбекұлы келіп, емхана меңгерушісі Кенжебаева Лескен Қабышқызы болды.  2009 жылы Көктөбеде жаңа аурухана үйі салынып, пайдалануға берілді.

           Кенжебаева Л.К. кейін емхана меңгерушісі Нұрсейітов Ерболат Нұрсейітұлы болды.

            Қазіргі уақытта аудандық аурухананың және емхананың бас дәрігері Амирханов Жандос Асетұлы.

Қазбеков Байболат Қазбекұлы

Қазбеков Байболат Қазбекұлы 1960 жылы 27 сәуірде Павлодар облысы Май ауданы Спутник совхозында (Майтубек ауылы) дүниеге келген. Қарапайым жұмысшылар отбасынан әкесі-Жылқыбаев Қазбек-1915 жылы 18 наурызда дүниеге келген, туыстарында өскен (ата-анасы “шешек”ауруының эпидемиясы кезінде қайтыс болған.) Әкесі орта мектепті, содан кейін ревизиялық-бухгалтерлік мектепті бітірген. Еңбек қызметі толығымен Май ауданында өтті 1949 жылы әкесі Қызыл Еңбек колхозының тексеру комиссиясының төрағасы болып сайланды, содан кейін Қызыл Еңбек колхозының төрағасы болды. 1975 жылдың 18 наурызында қайтыс болды. Анасы-Жақыпова Мапруза-1924 жылы 2 ақпанда Май ауданы Еңбекші ауылында дүниеге келген. 1958 жылы отбасымен Спутник ауылына көшіп, онда олар көптеген жылдар бойы тұрды. Анасы сатушы болып жұмыс істеді. Отбасында 7 бала дүниеге келді. 27.11.2016 жылы қайтыс болды.

Қазбеков Байболат Қазбекұлы 1960 жылы 27 сәуірде Павлодар облысы, Май ауданы Спутник совхозында дүниеге келген, 1977 жылы Спутник орта мектебін бітірген. 1983 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын “Емдеу ісі” мамандығы бойынша бітірген. Институтты бітіргеннен кейін Павлодар қаласының № 1 қалалық ауруханасының базасында интернатурадан өтті.

1983-1988 жылдары Май аудандық орталық ауруханасында хирург болып жұмыс істеді.

1988-1991 жылдары “құрылысшы” медициналық бөлімінде хирург.

1991-1993 жылдары Алматы қаласындағы Сызғанов атындағыКл және Эх ҒЗИ базасында клиникалық ординатурадан өтті.

1993-1998 жылдары Алматы қ. эндокриндік хирургия өңеш және асқазан бөлімшесінің резидент-дәрігері.

1998 жылдан 2000 жылға дейін облыстық Ғ.Сұлтанов атындағы аурухананың емханасында бас дәрігердің орынбасары.

         2000 жылдан 2020 жылға дейін Байболат Қазбекұлы Май аудандық ауруханасында бас дәрігер болып қызмет атқарды.

Байболат Қазбекұлы жоғары дәрежелі хирург болды, оның іскерлігі, міндеттілігі, жауапкершілігі, жұмысқа шығармашылық көзқарасы, медицина мәселелеріндегі жоғары эрудициясы ерекшеленді. Әріптестер арасында ғана емес, халық арасында да құрметке ие болды (қайтыс болғаннан кейін, халыққа сіңірген еңбегі үшін “Алтын Дәрігер” атағы беріледі).

Байболат Қазбекұлы – негізгі біліктілігі – хирург, денсаулық сақтау хирургиясын ұйымдастырудағы жоғары біліктілік санаты, медицина ғылымдарының кандидаты.

Хирургия бойынша ғылыми жұмыстар мен өнертабыстар бар, ол Денсаулық сақтау министрлігінің марапаты – «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығына, «Невада – Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының 25 жылдығына арналған мерекелік медальі, Семей мемлекеттік медицина университетінің 60 жылдығына орай «Отбасылық медицина университеті» мерейтойлық медалімен марапатталды.

 2007 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.

2017 жылы ол энциклопедияға енді: Ұлы халықаралық энциклопедия «Ең жақсы адамдар» бөлімі: Медицина және денсаулық сақтау.

Оның бүкіл өмірі, ойы мен ісі адамдарға арналды.

Халықтың махаббаты шексіз, оның құрметіне өлеңдер шығарылды:

… «Гипократсертіне өмірімен  ант берген,

Аурухана іргесін күш жігермен көтерген.

Дәргерлікке бар ғұмырын сарп етіп,

Байболаттай шипагер, өтті мына өмірден» ….

“Экологиялық қолайсыздық аймағындағы ауыл тұрғындарында жүрек-қан тамырлары ауруларының алғашқы алдын алу әдістерін әзірлеу” тақырыбында Кандидаттық диссертация қорғады. “Семей” медициналық университетінің жұмыс берушілер кеңесінің мүшесі болды. Кандидаттық диссертациясын қорғағаннан кейін ғылыми қызметпен айналысуды жалғастырды – Семей ядролық полигонындағы жарылыстардан зардап шеккендер ретінде Май ауданының тұрғындарын тексеру бойынша республикалық ғылыми медициналық мекемелермен шарт жасасты. Республикалық және облыстық БАҚ-та бірнеше рет басылымдар шықты. 2020 жылы қайтыс болғаннан кейін “Алтын Дәрігер” Ұлттық Медицина қауымдастығының медалімен марапатталды. 2020 жылдың 1 шілдесінде қайтыс болды.

Қазбекова Күләнда Қазбекқызы, әпкесі 1.10.1946 жылы Май ауданының Қаратерек ауылы 8 наурыз бөлімшесінде дүниеге келген. Орта мектепті, одан кейін Чайковский атындағы музыкалык училищені бітірген. “Спутник” мектебінде зертханашы, кассир болып жұмыс істеді.

Қазбеков Елубай Қазбекұлы, ағасы 13.12.1948 жылы Май ауданының Қаратерек ауылы 8 наурыз бөлімшесінде дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін Павлодар зооветтехникумына, кейін Семей зооветинститутына оқуға түсіп, бөлімшенің зоотехнигі болып жұмыс істеді. 2022 жылы 28 ақпанда қайтыс болды.

         Қазбекова Гүлнар Қазбекқызы – әпкесі – 15.05.1953 жылы туған, медицина ғылымдарының докторы, профессор, дәрігер-педиатр (Денсаулық сақтау министрлігінің жетекші маманы, “Ақсай” республикалық балалар клиникалық ауруханасы директорының орынбасары). 2021 жылы 24 қыркүйекте қайтыс болды.

Жылқыбаева Күләш Қазбекқызы әпкесі 5.06.1955 жылы дүниеге келген, орта мектепті бітіргеннен кейін Павлодар кооперативтік техникумында, кейін Қарағанды орталық Одақ кооперативтік институтында оқыған, саудада жұмыс істеген.

Жылқыбаев Ерболат Қазбекұлы ағасы 14.03.1958 жылы Май ауданы, “Ворошиловоград” совхозында дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін ол автомектепте оқыды, совхозда жүргізуші болып жұмыс істеді.

Ал кіші қарындасы Қазбекова Гүлсім Қазбекқызы 1965 жылы 25 мамырда дүниеге келген. “Спутник” совхозындағы орта мектепті бітіргеннен кейін 1983 жылы Қарағанды орталық одақ кооперативтік институтына, есеп-экономикалық факультетіне оқуға түсті. Содан кейін 2009-2011 жылдары Алматы Экономика және статистика академиясында “Бағалау” мамандығы бойынша, 2010-2013 жылдары MANCOSAMBA-Masterof Business Administration (Новосибирск қаласының қазіргі Бизнес Академиясы-іскерлік әкімшілендіру магистрі) мамандығы бойынша оқыды 11.1999 жылдан бастап – қазіргі уақытта Павлодар қаласындағы “Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінде” бас бухгалтер болып жұмыс істейді.

Арнау
Байболат Қазбекұлына

Спутникте сәуірде өмір есігін,

Әшіп кіріп, берген тәңір несібін.

Жерде емес, аспандағы жұлдыздай,

Ел есінде жаңғырады есімің.

Ақ халатты періштенің бірісің,

Адам үшін жүрек ашқан ірісің.

Көкірекке үміт жаққан шырақ боп,

Аға мәңгі арамызда тырысың.

Қаншама жыл емдеп келдің ел ұшын,

Қаншама жан жан аңсайды әлі сені шын.

Қанша ана ақ тілекпен алғысын,

Айтады әлі қайталанбас ері ұшын.

Қалмаушы едің қолың босап күнде тым,

Арқалаған бүкіл ауыл міндетін.

Түн ұйқыңды төртке бөліп жүгірген,

Руғыңа бөлек жұрттың құрметі.

Медицина — сенің мәңгі мекенің,

Сен ұқтырдың жанашыр кім екенін.

Дәрігерлік жол — шын мәнде ауыр жол,

Ауыр жүкті өттің нардай көтеріп.

Бас дәрігер болдың Майдың төрінде,

Сөз сөйлеген, іс сөйлеген жолыңда.

Туған жерге аямастан барыңды,

Ел-жұртыңды сақтадың сен өмірде.

«Құрмет белгі», «Алтын дәрігер» — әр мақтау,

Лайықты, үміт құсын самғатқан.

Ар бір атақ, әр марапат жолыңда,

Керек сызды келер ғасыр Ардақтау.

Артыңда сөз — естелік пен өнеге,

Ұрпағыңмен кең жайылып кереге.

Сағынышты әнін жолдап туған ел,

Күтеді әлі көңіл дейтін кемеде.

Республикалық, халықаралық
айтыстардың жеңімпазы
Ерлан Аманқожа