Skip to content

Күн нұрынан жаралған сұлулар

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған аудандық кітапханасында «Күн нұрынан жаралған сұлулар» атты кітап көрмесіне әйел оқырмандардың      назарын         аударарамыз.

Қазақ халқының тарихында, өнерінде, әдебиетінде ұмытылмас із калдырған әйелдердің өмірі мен ерліктеріне арналған әдебиеттерді ұсынады. Бул шараның мақсаты – әйелдердің коғамдағы және мәдениеттегі рөлін көрсету, олардың тарихи тұлғасын насихаттау. Көрмеге келушілер қазақ әйелдерінің батырлығын, таланты мен ерлігіне толы кітаптармен таныса алады.

Сонымен қатар, әйелдердің күнделікті өмірінде манызды рөл ақаратын гүл өсіру, бала тарбиелеу және кол енері туралы кітаптарды да камтиды. Бұл көрме   әйелдерге         рухани азық болып, олардың әртурлі кызығушылықтарына жауап беруге бағытталды.
Гүл өсіру әйелдердің көпшілігінің хоббиі және үйдін сәнін кіргізу тәсілі болып табылады. Көрмеде түрлі гүлдер мен есімдіктерді күтіп-баптау, өсіру жөнінде кенестер беретін кітаптар койылды. Бұл кітаптарда бөлме гүдерін өсіруден бастап,      бақша өсімдіктеріне дейінгі барлық маңызды мәліметтер жинақталған. Әйелдерге өсімдіктердің түрлері, оларды күтіп-баптаудың әдістері туралы пайдалы ақпарат ұсынылды.

Бала тарбиесі – әрбір ана үшін ең, маңызды мәселелердің бірі. Көрмеде бала тәрбиесіне арналған әдебиеттер арнайы орын алды. Бұл кітаптарда бала тәрбиелеу олардың психологиясы, тәрбиелеу әдістері, олардың дамуына әсер ететін факторлар туралы айтылады. Сонымен қатар, кітаптарда баланын бойында жақсы қасиеттерді қалыптастыру мен оларды коғамда дұрыс бейімдеу жолдары қарастырылған.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *