Skip to content

Кітапхана тарихы

Бар тіршілігін халыққа қызмет етуге арнап, мыңдаған оқырманның құрметі мен ықыласына бөленген мәдениет ошағы – кітапхана.

    1939 жылы ауданда 3 қарастылық  кітапхана есепте болды, жалпы кітап қоры 7466 дана құрады.

1956 жылы  3 оқырман үйі, 7 ауылдық және  2 аудандық кітапхана болды.

Аудан әкімінің № 60 шешімімен 1997 жылы 27 наурызда ауданның 11 кітапханасы және балалар кітапханасы жабылды. Кітап қорын мектеп кітапханасына берілді.

2000 жылы аудан әкімінің шешімімен 3 кітапхана Баскөл, Каратерек, Кентүбек  ауылдық кітапханалары ашылды.

 Аудан әкімінің № 1- 01/ 1 шешімімен 2001 жылы Ақшиман, Ақжар, Май, Майтүбек, Жұмыскер, Саты, Малайсары  – 7 ауылдық кітапханасы іске қосылды.

2003 жылы  облыстық «Ауыл кітапханасы» бағдарламасы іске асырылды. Осы бағдарлама аясында ауданның кітапхана саласы жаңғырды. Кітапхана жүйесі 11 кітапхана компьютермен жабдықталып, интернет жүйесіне қосылып, РАБИС бағдарламасы орнатылып,  электронды дерек қоры каталог арқылы ақпарат іздеу мүмкіндігі берілді.

 Кітапханалармен көпшілік ақпарат құралдары арасында серіктестік қарым-қатынас орнатылды. «Ардагер», «Шамшырақ» газет беттерінде аудан көлемінде өткізілген шаралар  туралы жазылып, ақпараттар басылады.

     Аудан әкімінің № 194/1 шешімімен 2010 жылы 13  тамыз айында 5  кітапхана ашылды. Май  селолық округінде Еңбекші ауылдық кітапханасы, Малайсары селолық округінде ферма № 1 ауылдық кітапханасы, Саты селолық округінде Қызыл – Октябрь ауылдық кітапханасы, Баскөл селолық округінде Жаңатілек ауылдық кітапханасы, Босша ауылдық кітапханасы.

Бүгінде Май орталықтандырылған кітапхана жүйесінде  8 модельді ауылдық  кітапхананы құрайды.  Аудандық кітапхана 2014 жылдан бастап WiFi желісіне қосылған.

        2018 жылдың мамыр айында мәдени, рухани, ақпараттық білім беру орталығы саналатын Баскөл ауылдық  кітапханасында заман талабына сай жаңаша жабдықталған, «Коворкинг-орталығы» ашылды. Сонымен қатар Майтүбек ауылында, аудандық кітапханада коммуникация орталықтары жұмыс жасайды. Кітапханалар өлкетану  бойынша   «Туған жерім – алтын бесігім» кешенді мақсаттық бағдарлама және жастарға, аудан тұрғындарына арналған «Кешкі кітапхана» жобаларымен  жұмыс жасайды.