13 желтоқсанда ОКЖ барлық филиалдары “Тәуелсіздік елім – кен байтақ жерім” патриоттық сағатын өткізді. Іс-шараның мақсаты-отансүйгіштік, өз Отанына деген мақтаныш пен сүйіспеншілік сезімін, қазақ халқының мәдениеті мен тарихи мұрасына деген құрмет пен қызығушылықты, түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық қарым-қатынасты қалыптастыру.
Іс-шара ҚР Әнұранын орындаумен ашылды. Кітапханашылар Қазақстан тарихы туралы айтып берді. Оқушылар үшін Қазақстан туралы “Тәуелсіздігіміздің естелік беттері”, “Қазақстан – бейбітшілік пен келісім елі” және т. б. бейнероликтер, слайдтар көрсетілді. Оқушылар “Менің елімнің тарихы” викторинасына белсенді қатысты. Балалардың назарына “Менің Отаным-Тәуелсіз Қазақстан” атты кітап – иллюстрациялық көрмелер рәсімделді, онда кітапхана қорынан кітаптар ұсынылды. Балалар еліміздің тарихы мен мәдениеті туралы кітаптармен танысты.